Колледж тарихы
Колледж тарихы
Колледждің іргетасы 1929 жылы қаланып, бүгінгі күні еліміздегі іргелі оқу орындарының біріне айналды. Оқу орнымыздың тарихы өткен ғасырдың 1929 жылы теміржолшыларды даярлайтын ФЗУ мектебі болып құрылғаннан басталады. 1929 жылы Ақтөбе қаласында Самара-Златоуст темір жолы басқармасы темір жол мамандықтарының жұмысшыларын даярлау үшін ФЗУ мектебін ашу туралы шешім қабылдады. 1941 жылдың шілде айында ФЗУ мектебі Ақтөбе облыстық еңбек резерві басқармасының №6 теміржол училищесі болып қайта құрылды. Содан бері колледждің атауы бірнеше рет өзгерді.


Білім беру мекемесі өзінің атауы мен мәртебесінбірнеше рет өзгертті:
15.11.1963 ж.- № 6 теміржол училищесі № 50 қалалық кәсіби-техникалық училище болып қайта құрылды (15.11.1963 ж. № 75 бұйрық).
11.10.1984 Ж.- № 50 МПТУ № 1 орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды (11.10.1984 ж. № 277 бұйрық).
28.10.1996 ж. — № 1 СПТУ №1 кәсіптік техникалық мектеп болып қайта құрылды (28.10.1996 ж. № 278-Л бұйрық).)
19.03.2003 ж. — № 1 КТМ № 1 кәсіптік мектеп болып қайта құрылды (19.03.2003 ж. № 113 бұйрық).
06.08.2008 ж. — № 1 кәсіптік мектеп «№ 7 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді (Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ 06.08.2008 ж. № 456 бұйрығы).
12.07.2012 ж. – «№ 7 кәсіптік лицейі» ММ «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды («Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ 12.07.2012 ж.№632 бұйрығы).
2020 жылы колледж 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Жаңа XXI ғасырдың өзінде колледж қала мен облыс үшін жоғары білікті мамандарды даярлайтын оқу орнының біріне айналды.
Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің тарихы
Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі — еліміздегі бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлауда өзіндік орны бар кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі. Колледждің іргетасы 1929 жылы қаланып, бүгінгі күні еліміздегі осы саладағы танымал ұжымдардың біріне айналды. Колледжге биыл — 90 жыл толып отыр. Колледждің тарихы теміржолшыларды даярлайтын ФЗУ мектебі болып құрылғаннан басталады. Отызыншы жылдардың қарсаңында Ақтөбе қаласында Самара-Златоуст темір жолы басқармасы теміржол мамандықтарының жұмысшыларын даярлау үшін ФЗУ мектебін ашу туралы шешім қабылдады. 1941 жылдың шілде айында ФЗО мектебі облыстық еңбек резерві басқармасының №6 теміржол училищесі болып қайта құрылды. Содан бері колледждің атауы бірнеше рет өзгерді.
Қазіргі жағдайы
Бүгінгі колледж — қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған, сапалы материалдық-техникалық базасы бар оқу орны. Оқу кабинеттері, шеберханалар және зертханалар, үнемі жаңа әдебиеттермен толықтырылатын 100000 бірліктен астам кітап қоры, қазіргі бағдарламалық материалдармен жабдықталған ғаламтор желісіне шығатын мультимедиалық және компьютерлік сыныптар жаңаша оқыту үдерісіне инновациялық әдістер және технологиялар енгізуге мүмкіншілік береді.
Колледжде жатақхана, дайындық кабинеттері, шеберханалар, мәжіліс залы, спортзал, студенттік асхана бар.
Мамандықтар
Оқу орны бірнеше мамандықтар бойынша бәсекеге қабілетті, білімі жетік, дағдысы қалыптасқан кәсіби мамандар даярлайды. Токарьлық іс, слесарлық іс, шаштараз өнері және сәндік косметика, икемді автоматтық тізбектері операторы, бақылау өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесары, тепловоз машинисінің көмекшісі мамандықтары оқытылады. Колледжде токарлық шеберхананың ашылуы білікті мамандар даярлауға жол ашты.
WorldSkills қозғалысы
Колледж жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру жолында студенттерді дүниежүзілік Skils әлем чемпионаттарына белсенді түрде дайындайды. Колледж студенттері Думан Шманов пен Сендет Мағзомов 2018 жылғы әлемдік Skils World чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
7
Мамандық
579
Бақытты студенттер
92
Жылдық тарих