Логотип сайт

Колледж тарихы

Колледж тарихы

Колледждің іргетасы 1929 жылы қаланып, бүгінгі күні еліміздегі іргелі оқу орындарының біріне айналды. Оқу орнымыздың тарихы өткен ғасырдың 1929 жылы теміржолшыларды даярлайтын ФЗУ мектебі болып құрылғаннан басталады. 1929 жылы Ақтөбе қаласында Самара-Златоуст темір жолы басқармасы темір жол мамандықтарының жұмысшыларын даярлау үшін ФЗУ мектебін ашу туралы шешім қабылдады. 1941 жылдың шілде айында ФЗУ мектебі Ақтөбе облыстық еңбек резерві басқармасының №6 теміржол училищесі болып қайта құрылды. Содан бері колледждің атауы бірнеше рет өзгерді.

Білім беру мекемесі өзінің атауы мен мәртебесінбірнеше рет өзгертті: 

15.11.1963 ж.- № 6 теміржол училищесі № 50 қалалық кәсіби-техникалық училище болып қайта құрылды (15.11.1963 ж. № 75 бұйрық). 

11.10.1984 Ж.- № 50 МПТУ № 1 орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды (11.10.1984 ж. № 277 бұйрық). 

28.10.1996 ж. – № 1 СПТУ №1 кәсіптік техникалық мектеп болып қайта құрылды (28.10.1996 ж. № 278-Л бұйрық).) 

19.03.2003 ж. – № 1 КТМ № 1 кәсіптік мектеп болып қайта құрылды (19.03.2003 ж. № 113 бұйрық). 

06.08.2008 ж. – № 1 кәсіптік мектеп «№ 7 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді (Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ 06.08.2008 ж. № 456 бұйрығы). 

12.07.2012 ж. – «№ 7 кәсіптік лицейі» ММ «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды («Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ 12.07.2012 ж.№632 бұйрығы). 

2020 жылы колледж 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Жаңа XXI ғасырдың өзінде колледж қала мен облыс үшін жоғары білікті мамандарды даярлайтын оқу орнының біріне айналды. 

7

Мамандық

579

Бақытты студенттер

92

Жылдық тарих