Қабылдау ережелері

2023-2024 жаңа оқу жылына қабылдау қағидаларының үлгісі

«Ақтөбе өндірістік технологиялар колледжі» МКҚК бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кəсіптік жəне орта кəсіптік), жоғары білімі бар (жоғары кəсіптік), Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар жəне азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куəлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

Колледжге оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.

Оқуға Қабылдау ЕМТИХАНСЫЗ, аттестат негізінде

Құжаттарды тапсыруға болады:

  1. «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы: www.egov.kz
  2. IS — College порталы арқылы: iscollege.kz
  3. Колледж арқылы, Ақтөбе қ., көш. Герцен 19Б, АӨТК қабылдау комиссиясы

Колледжде оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау:

Мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша

Негізгі орта білім және жалпы орта білім негізінде (9/11-сынып негізінде) күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 18 тамызына дейін.

Керекті құжаттар тізімі

Өтініш; Жеке Куәлік немесе Туу туралы Куәлік
көшірмесі

Білім туралы құжат (түпнұсқа)

Медициналық анықтама ф.№075

Фотосурет 3х4 (6 дана)