Педагогтың кәсіби қызметі саласындағы инновациялық әдістемелер ғылыми және өндірістік жетістіктер
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы және Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен «Педагогтің кәсіби қызметі саласындағы инновациялық әзірлемелер ғылыми және өндірістік жетістіктер» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
📍Семинар мақсаты: Педагогтардың аттестаттаудан өткізу қағидаларымен шарттарын бекіту туралы ҚР Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығының 12- қосымшасының 3.1,3.5 – тармақтарында берілген критерийді орындау негізінде ТжКББ ұйымдары «педагог зерттеуші» санатын растайтын және үміткерлер тәжірибесін аудандарға тарату.
📍Семинардың басында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының м.а., педагогика ғылымдарының магистрі Скакова Жемис Бердигалиевна сөз сөйлеп
және Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі директорының оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ходжаниязова Жанат Тогабаевна «Педагогтің кәсіби қызметі саласындағы инновациялық әзірлемелер, ғылыми және өндірістік жетістіктер» тақырыбында баяндама жасады.
📍Семирнарға «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі», «Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі», «Қобда көпсалалы колледжі» оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Оқу әдістемелік кабинет.
Менің болашақ мамандығым саласындағы инновациялық әзірлемелер, ғылыми және өндірістік жетістіктер
«Менің болашақ мамандығым саласындағы инновациялық әзірлемелер, ғылыми және өндірістік жетістіктер»
республикалық студенттік, ғылыми-практикалық онлайн конференция
«2025- Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде ағымдағы жылдың 28 наурызында техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізілді. Конференцияны «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі» МКҚК мен Көкшетау қ. «Жоғары техникалық колледж» МКҚК базасында «Механика және металл өңдеу» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты:
- студенттердің жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын дамыту және насихаттау;
- заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеу;
- кәсіби ой-өрісін кеңейту;
- тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды дамыту үшін талантты студенттерді біріктіру;
Конференцияның басында «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС бас инженері Сисенбин Біржан Бақтыгерейұлы және «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі» республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары Қалиева Гүлмира Жақсалыққызы сөз сөйледі.
Секциялар үш бағыт бойынша жұмыс істеді: «Инженерия және инженерлік іс, Механика және металл өңдеу», «Электроника және автоматтандыру», «Электротехника және энергетика». Баяндамаларды бағалау келесі критерийлері бойынша жүргізілді: тақырыптың өзектілігі, мақаланың мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі, мақаланы талаптарға сәйкес ресімдеу, регламентті сақтау, тақырыпты жүйелі түрде баяндау. Үздік баяндамалар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Барлық қатысушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ барлық ұйымдастырушыларға және сарапшылар комиссиясына өткізілген іс-шара үшін зор алғысымызды білдіреміз!