Педагог-психолог

Бейісова Фариза Абзалқызы

әлеуметтік-педагог

Педагог-психолог

Сіздердің назарларыңызға білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы фактілері бойынша колледждің «Сенім» телефоны мен «Сенім» жәшігі жұмыс жасайтындығын жеткіземіз. Сенім жәшігі бірінші  оқу ғимаратының 2 қабатындағы баспалдақтың тұсында орналасқан. Сенім телефоны жұмыс күндері сағат 8.30 — 17.30 дейін жұмыс жасайды.

 

Сенім телефоны — әлеуметтік қызметтің негізгі бір түрі. Білікті мамандармен  телефонмен сөйлесуге мүмкіндік береді.

Педагог — психологтың 2022 — 2023 оқу жылына арналған психологиялық жылдық жұмыс жоспары

Терапиялық сағат

Ағымдағы жылдың қараша айының 25 күні «Құқық бұзушылықты алдын алу» он күндігі аясында С.Баишев атындағы Ақтөбе әмбебап ғылыми кітапханасында «Өміріңді бағала» тақырыбында 101 электр жабдықтаушы тобының білім алушыларымен психологиялық терапиялық сағат өткізілді. Іс шараның мақсаты: баланың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Іс шара барысында білім алушылар сурет терапиясы арқылы өз ойларымен бөлісті.

Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып ұжымдастар арасында «ҚҰПИЯ ДОСҚА СЫЙЛЫҚ» атты акция болатындығын хабарлаймыз.
Акцияның мақсаты- жанымыздағы әріптесіңізге қуаныш сыйлау, “Құпия досымызды” жіті тану мен қатар ұжымдағы сыйластық пен ауызбіршілікті артыру.
_________________
Ойынның ережесі:
Алдымен ойынға қатысушылардың есімдері жазылған жеребе тарқатылады. Сол жеребе бойынша түскен адамға, яғни өзіңіздің құпия досыңызға сыйлық жасауыңыз керек. Бір қызығы досыңыз сіздің сыйлық жасайтыныңызды білмеуі керек. Өзіңізге жеребе арқылы түскен досыңызға 3000 тг көлемінде өзіңіз қалаған сыйлықты сыйлайтын боласыз. Біз ұжымдастарымыздың есімдері жазылған қағаздарды «Құпия дос» қорабына салып, барлық ұжым мүшелеріне таратқан болатынбыз. Баршаңызға сәттілік тілейміз! Құпия досқа сыйлықты 29 — желтоқсан күні ұжымдық «Жаңа жыл» кешінде берілетін болады.

"Бақытты саябаққа жолдама" психологиялық кеш

ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ ҚЫСЫМШЫЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛЫ

1,2,3 курс білім алушылармен жеке консультациялар