Логотип сайт

Медициналық пункт

Бижанова Жанат Айдаулетовна

Атқаратын қызметі: Медбике

Білімі: Орташа

Ақтөбе медициналық колледжі 2009-2012жж

Мамандығы: Мейірбике ісі

Еңбек өтілі:11 жыл

Жетістіктері: Біліктілік арттыру куәлігі «Мейірбике ісі госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек» Ақтөбе медициналық колледжі 30.06.2017 ж.

Біліктілікті арттыру куәлігі «Жалпы мейірбикелік технологиялар» Санат республикалық кәсіби даму орталығы 10.08.2020 ж.

Бірінші санатты жалпы мейірбике «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар менкөрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі» 02.09.2020ж

Алғыс хат Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі» 21.02.2022ж

Алғыс хат Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы ММ Ұлыттық бағдарламасының іске асыру мақсатында «Нашақорлықтын алдын-алу акциясын ұйымдастыруға атсалысқаны үшін» 31.05.2022ж

Әр түрлі жағдайларда колледж білім алушыларының медициналық алғашқы көмек көрсетуді үйрену сәті.

Колледж білім алушыларына "Нашақорлық-қауіпті дерт " тақырыбында 2 қалалық емхана дәрігері Н.А.Асылхан ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді .

2023 жылдың 09 қараша күні Тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес колледж медбикесі Ж.А.Бижанова және №2 қалалық емхананың дәрігері Н.А.Асылхан "Тұмау және қызылша (корь) ауруларының алдын-алу " тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты:Жұқпалы аурулардың алдын-алу, сақтық шараларын жасау. Білім алушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, жеке бас гигиенасын сақтауға шақырды.

2023 жылдың 27 қыркүйек күні Тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес колледж медбикесі Ж.А.Бижанова және №2 қалалық емхана мамандары Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері А.Б.Сәндібекова,акушер-гинеколог С.А.Хасенова «Ерте жүктіліктің алдын алу»тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Ерте жүктіліктің алдын алу.Түрлі жыныстық аурулардан сақтық шараларын жасау. Білім алушы қыз балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа,жинақылыққа шақырды.

2023 жылдың 16 - наурыз күні Тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес колледж медбикесі Ж.А.Бижанова және №2 қалалық емхананың Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Н.А.Асылхан мен дәрігер резидент фтизиатр Г. Т. Байдаулетова Туберкулезге қарсы күрес күніне орай “Туберкулезден сақ болайық “тақырыбында білім алушыларға дәріс оқыды. Мақсаты:Туберкулез жұқпалы ауруының өршіп тұрғанын ескере отырып, оны болдырмаудың алдын-алу шараларын жасау. Білім алушыларға Зиянды заттардан аулақ болуға,дұрыс тамақтануға,спортпен айналысуға, Салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Ұйымдастырушы: Медбике Бижанова Жанат Айдаулетовна

17 қазан 2022 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Ақтөбе филиалы, алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаушы Нұрумова Индира Асқарқызы колледж білім алушыларымен оқытушыларына алғашқы көмек көрсету бойынша мастер класс өткізді. Адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралармен хабардар етті. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру ережесімен таныстырды.