Техникалық және кәсіптік білім беру сапасын бағалаудың негізгі критерийі – колледж қызметіндегі маңызды кезең – колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы болып табылады.
Колледждің міндеті – кәсібін жетік білетін, сауатты, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерге ие, кәсіби өсуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Түлектерді жұмысқа қамту мақсатында колледжде түрлі шаралар өткізілуде. Атап өтсек, ағымдағы жылдың қараша айының 15 жұлдызында «Жұмыс беруші» күні ұйымдастырылды. Шара барысында әлеуметтік серітестеріміздің жұмыс орындары туралы айтып, жұмыссыз жүрген түлектерді жұмысқа тарту мақсатында бос жұмыс орындары туралы анықтама берді.
Әлеуметтік серіктестерімізге колледж білім алушыларының біліктілік деңгейлерін көрсету мақсатында мамандықтары бойынша тәжірибеде немен айналысатындарын, мамандық бойынша деңгейлерін көрсету мақсатында колледждегі жабдықтармен жұмыс жасауларын көрсетіп алдағы уақытта жұмысқа тұру үшін біліктіліктерін насихаттады.
Колледж түлектерін жұмыспен қамту үшін әлеуметтік серіктестеріміздің санын көбейту керек. Түлектерді жұмысқа орналастыру үшін ЖШС «Үй құрылыс комбинаты», АҚ «Алмател Қазақстан», ЖШС «СК-Лидер 2000» секілді мекемелермен келісім шарт жасасып ынтымақтастыққа кол қойылды.