размер-removebg-preview

Жас маман

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасының «Еңбек» операторы БАҚ «Холдинг «Кәсіпқор» болып белгіленді.
«Жас маман» жобасының мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
— өңірлер бөлінісінде 100 аса сұранысқа ие индустриялық және қызметтік мамандықтарды анықтау;
— іріктелген мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын колледждер мен жоғары оқу орындарын іріктеу;
— сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру;
— білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын құруға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту;
— қосымша қаржыландыру шартымен колледждерге жабдықтар сатып алу (жергілікті бюджет есебінен кемінде 5%);
— лизинг тетігі арқылы және/немесе жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен жоғары оқу орындарына арналған жабдықтар сатып алу.
Жас маман» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады, өз өңірі үшін мәлімделген мамандық бойынша құзыреттілік орталығына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.

Жас маман жобасы аясында колледжде жасалып жатқан жұмыстар :

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінде “Жұмыс беруші күніне” орай өткізіліп жатқан іс-шара барысында “Жас маман“ жобасы аясында алынған замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған “Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару” мамандығы бойынша құзыреттілік орталығының ашылуын “Ақтөбе ЖЭО“ АҚ-ның ТАИ цех мастері Ермаков Виталий Анатольевич өткізді.
Ашылу салтанатында директордың АТЖ орынбасары Ж.Мырзалин “Автоматтандырылған оқыту желісі“ тақырыбында мехатроника құрылғысының жұмысы бойынша таныстыру презентациясын, өндірістік оқыту шебері Б.Калымбетовпен арнайы пән оқытушысы А.Темирбаева “Үздіксіз процессті оқу, стенд-тренажермен үйрету“ тақырыбында шебер-класс өткізді.

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінде “Жұмыс беруші күніне” орай өткізіліп жатқан іс-шара барысында “Жас маман“ жобасы аясында алынған замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған “Машина жасау технологиясы” мамандығы бойынша құзыреттілік орталығының ашылуын әлеуметтік серіктесіміз “Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты” АҚ техникалық бөлімінің басшысы Мазенов Айболат Хайроллаевич және “Bigness” ЖШС мекемесінің басшысы Базар Азамат Шоферұлы өткізді.
Іс шара жалғасында:
– Арнайы пән оқытушысы Л.Елеуова “DMG MORI “ фирмасының “Сандық бағдарламамен басқарылатын токарлық станок CTX 310 Ecoline сериясы CTX ecoline” станогының жұмысын көрсету” бойынша шебер-класс;
– Арнайы пән оқытушысы К.Ергалиев “Mitutoyo өлшеу құралының жиынтығы” тақырыбында таныстыру презентациясы;
– Өндірістік оқыту шебері А.Дүзбаев “Proma FHX-70PD UCI фрезерлік станогы” жұмысын көрсету бойынша шебер-класс өткізді.

Жас маман жобасы аясында «Машина жасау технологиясы», «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары