Логотип сайт

Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы мен колледж білім алушыларының бірлескен жұмыстары:

7 маусым күні Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттері Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен кино кешке қатысты. Кеш көрнектi театр және кино актері Асанәлі Әшімовтың 85 жылдығына арналды.  Студенттер назарына танымал актер, шоқтығы биік тұлғаның қатысуымен түсiрiлген “Атаманның ақыры» кинофильмі ұсынылды. Шара орталықтың «coworking» кабинетінде өтті. Көркем фильмде 1920-1921 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аумағындағы тарихи оқиғалары жайлы баяндалады. Бұл туынды әлі күнге дейін көрермен көзайымы болып келеді. Шараның мақсаты көнерген көркем фильмдерді көрсету арқылы өткен тарихымызды бүгінгі жастарға кеңінен насихаттауды көздейді.

4 маусым Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Тұңғыш Президент атындағы саябақта мемлекеттік гимнді қосу және орындау шарасы өтті. Аталмыш акцияға Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттері  қатысты. Шара барысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктерді  Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Ақтөбе қаласы әкімшілігінің басшылығымен 8 сәуірден бастап Ақтөбе қаласында өткізіліп жатқан екі айлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық пен қоршаған ортаға деген құрметті дәріптейтін игі іске Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттері белсенді қатысты. «Тазалық-табалдырықтан басталады»демекші қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматтың басты міндеті.Тазалықты жанына серік еткен Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттері колледж аумағынмен қоса,  Ә.Молдағулова саябағы аумағын, Шернияз көшесін тазарту,көркейту жұмыстарына араласты.Колледж студенттері қоқыс қалдықтарын шығарып ортақ мекеніміздің көркеюіне өз үлестерін қосты.

2022 жылдың 6 мамыры күні Отан қорғаушылар күніне орай Ақтөбе қаласындағы Ұлы Отан соғысы тарихында аты аңызға айналған қазақтың  батыр қызының бірі – Әлия Молдағұлова ескерткіші жанында салтанатты шара ұйымдастырылып,  гүл шоғын қою рәсімі өтті. Салтанатты шарада Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің оқытушылары мен білім алушылары батырлар рухына тағзым етіп гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің әкімшілігі мен Студенттік кеңес ұйымы  аясында жұмыс жасайтын «Мейірім» еріктілер тобы су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға  көмек көрсетті. Бірінші кезекте қажетті тұрмыстық заттар қаламыздағы нөмері 26 мектепте орналастырылған эвакуациялық бекетке жеткізілді.

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің директоры Кыдырбаев Танжарық Утемисович өзін-өзі басқару «Студенттік кеңес» ұйымының белсенділерімен кездесу өткізді. Жиналыс барысында алға қойылған мақсаттар мен  жоспарлар талқыланды. Білім алушылар кеңестегі 8 фракцияның жұмысы жайында баяндады. Сонымен қатар, колледж директоры  студенттер тарапынан қойылған сұрақтар мен өтініштерге жауап беріп, өзін-өзі басқару ұйымының  жұмысын жандандыра түсуге бағытталған кеңестерімен бөлісті.

12 мамыр күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының «coworking» залында «AMANAT» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы Асель Серікқызы және партиялық штабтың мүшелері Азамат Усимбеков, Султан Асанов, Талғат Дуржанов, Әлібек Дуйсеновтың қатысуымен қала жастарына 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттік парламентінің мүшелері қатысты.

Жиын барысында штаб мүшелері референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатындығы туралы айтып, жастарды өз азаматтық ұстанымдарын бiлдiру мақсатында референдумға бір кісідей қатысып, еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.