Дуалды оқу
Дуалды оқу
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, дуальді оқыту жүйесіне колледж білім алушыларын ауыстыру бойынша №1 алғашқы отырысы өтті. Комиссия құрамының ортақ шешімімен отырыс барысында : «Машина жасау технологиясы» әдістемелік бірлестігінен 10 білім алушы, «Теміржол және шаштараз» әдістемелік бірлестігінен 4 білім алушы дуальді оқыту жүйесіне ауыстырылды. Колледжіміздің білім алушылары әлеуметтік серіктестерде біліктілігі бойынша жұмыс жасап, ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс,шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламарды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтарда бекітілген № 50 бұйрығы негізінде келісім-шарт жасалынып, жүзеге асырылуда. дуальды оқыту туралы үш жақты шарттардың реестрден өткізілуі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қадағалауымен жүзеге асырылады. Дуальды оқыту туралы шарт білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады. Колледжде қазіргі таңда дуалды жүйе бойынша 124 білім алушы мамандықтары бойынша жұмыс жасауда