Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы хабарландыру!

Вакансиялар

Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі» МКҚК, Ақтөбе қаласы, Герцен көшесі 19 Б, тел: 8 (7132) 97-54-74, факс 97-54-74; e-mail: akptu@bk.ru

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы (600 сағат)

Орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы(0,5 ставка)

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы(1бірлік)

Математика пәнінің оқытушысы(1 бірлік)

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы (1 бірлік)

Информатика пәнінің оқытушысы(1 бірлік)

Ақпараттық технологиялар пәнінің оқытушысы (500 сағат)

Химия пәнінің оқытушысы (1 бірлік)

Бос лауазым орындарына конкурс жариялайды !

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

Оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

Педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

Басқарудың инновациялық әдістері;

Педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

  • Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 22 -31 тамыз  жүзеге асырылады.
  • Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 155 000 теңгеден басталады.

Құжаттардың тізбесі:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
  • кадр есебі бойынша толтырылған парақ;
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • немесе педагог — модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі — ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

 

  • Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Ақтөбе қаласы, Герцен көшесі 19 б мекенжайы бойынша тапсырылуы қажет.